11 Қаз 2022
Жаңалықтар

Жарөткел негізгі орта білім беретін мектебінің 2021-2022 оқу жылының әлеуметтік педагогтың жылдық жоспарына байланысты анықтама

Мектепте жалпы жылдың басында 48 оқушы болды, 3-тоқсан аяғанда 49 бала. Соның ішінде қызы 22, ұлы 27.  Жалпы отбасы саны 27, көп балалы 9, толық емес отбасы 3.  Көп балалы отбасының балалар саны 23 бала (мектеп қабырғасында) Толық емес отбасындағы бала саны 4. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасы 1, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар саны 3, бала саны 7 бала. Ыстық тамақ ішетін оқушылар 6 (жыл басында). Наурыз айынан бастап № 21  бұйрыққа сәйкес ыстық тамақ ішетін  бала саны 14 бала болып бекітілді. 

Әлеуметтік педагогтың жылдық жоспары жыл басында құрылып, бекітілді. Әлеуметтік – педагогикалық диагностика негізінде мектептің әлеуметтік паспорты қыркүйек айында орындалды. Атаулы әлеуметтік көмек алатын оқушыларға 2021-2022 оқу жылының оқу қорынан бөлінген киім кешектер уақытылы беріліп тұрды. Ата-аналар, мұғалімдер және оқушылар үшін кеңес беріліп тұрды. Құқықбұзушылық адын алу жұмыстары уақытылы орындалуда. Оқушылардың жеке психологикалық медициналық және педагогикалық ерекшеліктері психологпен бірлесе отырып  зерттелінді. Әлеуметтік қорғалмаған оқушылар категориясын (қамқорлықтағы балалар, мүгедек балалар, жетім балалар, көп балалар және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балалары, девианттық мінез-құлық оқушылар) анықталды . 1-сынып оқушыларының бейімделу деңгейін анықтау мақсатында әлеуметтік – психологиялық зерттеу жүргізілді. 5 сынып оқушыларының бейімделуі деңгейін анықталды. Оқушының тұлғалық ерекшеліктері мен қабілетін, проблемасын анықталды.

Мектепте мектепішілк және ішкі істер бөлімінде есепте тұрған оқушылар жоқ. Бірақ тәртібі нашар бір оқушы анықталып, ол баламен жұмыс жасалуда. Психолог және класс жетекшісі ата-анамен үнемі байланыста отырады.   Мектептің әлеуметтік – психологиялық ахуалын анықтау бағалау(педагогтардың тұлға аралық және кәсіптік деңгейдегі қарым қатынасы,мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым қатынас оқушылар,мектеп пен отбасы арасындағы қарым қатынас,бір тұтас деңгейі ұйымшылдығы, бір-біріне көмекке келуге дайындығы жақсы. Жалпыға білім беру қорынан материалдық көмек көрсету дер кезінде көрсетіліп тұрады. «Қамқорлық» акциясы қаңтар айында  ұйымдастырылды. Акция барысында Қарабұтақ ауылының тұрғыны ДЦП диагнозы бар  Жеңісбекұлы Нұрымға көмек берілді. Көп балалы отбасылардың ішінде Сердигалиев Айсултан Ырғыз ауданына саяхатқа барды. Сакен Саят көп балалы отбасының баласы «Балдаурен -Түркістан» лагеріне демалысқа жіберілді. АӘК алатын отбасы балалары ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр. Ыстық тамаққа арыз шағымдар түспеді.

Мектепте өгей әкемен тұратын оқушылар бар. Екі отбасы анықталып, зерттеліп отыр. Соның ішінде Көлбаев Жансұлтан, әкесі Жолжанов Ж. Анасы Кребаева  Ж. Отбасы жағдайы жақсы, ата - анасының  екеуі де жұмыс жасайды. Үй-жайы тексерілді, акт жасалды.

Кеулімхошева Кәусар, Кеулімхощева Еркеназ және Кеулімхош Ерсұлтан өгей әкесі Сейтенов Нұржігіт, анасы - Сейлова Жансая. Тұрмыс жағдайлары  жақсы. Сейтен Нұржігіттің тұрақты жұмыс орны бар. Үй жағдайы зерттелді, акт жасалды.  Өгей әкелер ата-аналар жиналысына қатысады. Екеуі де әкелер мектебінің құрамына кіреді.

                                               Әлеуметтік педагог:                        Байниязов Мейірбек

Жаңалыктар